Дүние жүзіндегі фермерлер ауылшаруашылық өнімдеріне деген қажеттіліктің артуы жағдайында өндіріс тиімділігін арттыруға тырысады.
Қоршаған ортаға қамқорлық
Климаттың өзгеруі, планета халқының өсуі және ресурстардың шектеулілігі – болашақта біз шешетін кейбір факторлар ғана. Біз алдағы жылдары ауыл шаруашылығының рөлі арта түсетінін түсінеміз – бұл минералды қоректендіруде және басқа аспектілерде заманауи шешімдерді қолдануды талап етеді.
Тұрақты даму
Мамандардың болжамынша, 2050 жылға қарай планетаның халқы 1,5 есе артады. Бұл тамақтану мәдениеті мен жалпы тұтынудың өзгеруімен бірге жүреді. Осы факторлардың жиынтығы ауылшаруашылық өнімдеріне деген қажеттіліктің артуына әкеледі.
Егіс алқаптарының ауданы үнемі өсіп келеді, бірақ бұған жақын арада шек қойлады. Ұзақ мерзімді перспективада ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің тиімділігін арттырудың кілті оны қарқындату болып табылады.
Бұл дәл Еврохим компаниясының тыңайтқыштары шешуші рөл атқара алатын аспект, өйткені олар дақылдардың қажеттіліктері мен топырақтық-климаттық жағдайларды ескере отырып, ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру үшін арнайы жасалған.